Қазақстанда түрлі этнос пен діни сенім өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Олардың арасындағы татулықты сақтауда ортақ тарих пен ұлттық дәстүр ғана емес, зайырлылық қағидаттары мен діни құндылықтар да маңызды рөл атқарады. Алайда қоғамдық келісім өздігінен сақталмайды. Ендеше, Вairaqmedia.kz дін адамдарды жақындастыруға қалай ықпал ететінін, Қазақстандағы дін саясатының ұлтаралық татулықты нығайтудағы орны туралы арнайы маманның пікірін білді.