Қазақстанда пайдалану мерзімі аяқталған лифтілер саны 7 мыңға жуықтады. Тозған жабдықтар, техникалық қызмет көрсету сапасы мен бақылаудың жеткіліксіздігі тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық туғызады. Оның үстіне жаңа орнатылған лифтілердің де істен шығу жағдайлары кездеседі. Еліміздегі лифт шаруашылығының жай-күйі, қауіпсіздік талаптары және саладағы жауапкершілік мәселелеріне Bairaqmedia.kz тілшісі назар аударды.
Есірткі бизнесі мен заңсыз қаржы айналымы жастардың болашағына төнген күрделі қатерге айналып отыр. Қылмыстық топтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы оңай табыс іздеген жастарды өз схемаларына тартады. Бірі есірткі тасымалдаушыға айналса, енді бірі банк шотын заңсыз қаржы операциялары үшін пайдалануға береді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қазақстанда 725 мыңнан астам адам мүгедектігі бар азамат ретінде тіркелген. Олардың әлеуметтік қорғалуы, медициналық оңалту қызметтеріне қол жеткізуі және мемлекеттік қолдау алуы – әлеуметтік саясаттың маңызды көрсеткіші. Алайда мүгедектікті белгілеу кезіндегі бюрократиялық кедергілер, сараптама өлшемдерінің әділдігі, жәрдемақы мөлшері және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың әлеуметтік жағдайы әлі де жүйелі шешімді қажет етеді.