Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салу ұсынылды. Тиісті заң жобасы Құрылтайдың алдағы отырысында қаралады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайдың жетекшілігімен өткен Бюро отырысында онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңнамалық түзетулерді қарау мәселесі күн тәртібіне енгізілді. Заң жобасы Мемлекет басшысының интернетте деструктивті контенттің таралуына қарсы күресті күшейту және балалар үшін қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.
Ұсынылған түзетулерге сәйкес, 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға тыйым салынуы мүмкін. Алайда бұл шектеу жедел хабар алмасу сервистеріне қолданылмайды. Сонымен қатар заң жобасында онлайн-платформалардың өкілдіктерін міндетті түрде тіркеу, білім беру курстарының авторларына арнайы талаптар енгізу және интернеттегі зиянды контент үшін жауапкершілікті күшейту шаралары қарастырылған.
Айта кетейік, аталған шектеулер әзірге ұсыныс ретінде қарастырылып жатыр. Заң қабылданған жоқ, сондықтан жаңа талаптар әлі күшіне енген жоқ.