ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. Бұл жайында Қаржылық мониторинг агенттігі жариялады.
Қайырымдылыққа деп, енді кім көрінгеннің елден ақша жинауына шектеу қойылуы мүмкін. Қоғам арасында кең талқыланған мәселеге қатысты бүгін мәдениет және ақпарат министрі мәлімдеме жасады. «Дегенмен елге зияны тиетін шешімдер қабылданбайды» - деді Аида Балаева.