$ 487.02
 552.23
 6.51

Шымкенттік оқушылар «Абай оқуларында» топ жарды

Редактор
26.06.2026, 09:32
Шымкент қаласы әкімдігі
Шымкент қаласы әкімдігі
Мегаполис мақтаныштары Семейден олжалы оралды

Шымкент қаласының дарынды өрендері Семей төрінде өткен дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауында ерекше өнер көрсетіп, бас жүлделерді қанжығаларына байлады. Ұлы ақын, хәкім Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауды мақсат еткен бұл білім мен өнер додасында Шымкент намысын қорғаған бес бірдей мектеп оқушысы үздіктер қатарынан көрініп, қала мәртебесін асқақтатты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Шымкенттік оқушылар Абай сөзін санасына тоқып, өздерінің интеллектуалдық әрі шығармашылық әлеуетін бүкіл елге паш етті.

Семейде өткен «Абай оқулары» республикалық байқауы биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен ең дарынды, тілге шешен, өнерлі өрендердин басын қосты. Бұл жай ғана сайыс емес, бұл – жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға, ана тіліне және халықтың ұлы ойшылының мұрасына деген шынайы құрметінің көрінісі. Осындай деңгейі жоғары, бәсекелестігі өте жоғары додада Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мектептердің оқушылары айрықша дайындықпен келгендігiн дәлелдеді. Байқаудың әрбір номинациясы бойынша талап өте қатал болған, алайда шымкенттік үміткерлер қазылар алқасын өздерінің терең білімімен, көркемсөз оқу шеберлігімен және вокалдық дарындарымен тәнті ете білді.

Байқаудың қорытындысы бойынша Шымкент қаласынан барған бес оқушының барлығы да жүлделі орындардан көрініп, 100 пайыздық нәтиже көрсетті. Бұл – қалалық білім жүйесі мен ұстаздар қауымының қажырлы еңбегінің айқын жемісі. Жеңіс тұғырынан көрінген жас дарындардың тізімі мен олардың бағындырған белестері төмендегідей:

• І орын – Ерасыл Әуелбек. Ол «Абайдың асыл мұрасы» деп аталатын ең жауапты әрі күрделі номинация бойынша бас жүлдені иеленді. Ерасыл – Шымкент қаласындағы Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған лицей-интернаттың 9-сынып оқушысы. Оның ұлы ақынның қарасөздері мен философиялық толғауларын терең түсініп, жеткізе білуі қазылардың ең жоғары бағасына лайық деп танылды.

• ІІ орын – Нұрбол Қантөре. А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясында бақ сынап, екінші орынды иеленді. Шығармашылық ізденісі мен ақындық қыры танылған жас жеткіншектің бұл жетістігі мектеп ұжымы үшін үлкен мәртебе.

• ІІ орын – Әлия Қаипназар. Т.Тәжібаев атындағы №47 mektep-гимназияның 9-сынып оқушысы «Абайдың сөз өнеріндегі бейнесі» номинациясында ерекше көзге түсіп, екінші орын тұғырына көтерілді. Әлияның әдеби талдау жасау шеберлігі мен сөйлеу мәдениеті жоғары бағаланды.

• ІІ орын – Бекарыс Рүстем. Тәуке хан атындағы №85 орта мектептің 9-сынып оқушысы «Әнді сүйсең – менше сүй» атты музыкалық-шығармашылық номинацияда үшінші орынды қанжығасына байлады. Абай әндерін өзіндік нақышпен орындаған Бекарыс көрермендердің де ықыласына бөленді.

• ІІІ орын – Тоғжан Рахым. Ол да «Әнді сүйсең – менше сүй» номинациясы бойынша үздіктер қатарынан көрініп, үшінші орынға ие болды. Тоғжан – «Al-Farabi Bilim» мектебінің 9-сынып оқушысы. Жас дарынның вокалдық ерекшелігі мен сахналық мәдениеті жоғары деңгейде болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау