Қазақстан үшін жасыл экономикаға көшу – табиғатты қорғау ғана емес, өнеркәсіпті жаңғыртудың, ауыл экономикасын дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. Алайда экологиялық талаптарды күшейту арқылы ғана экономиканың тиімділігін арттыру мүмкін емес. «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясының» басқарма төрайымы Әлия Рахымбекова еліміздің жасыл экономикаға көшу жолындағы мүмкіндіктері мен шешімін күткен мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Президент саябағында өткен «Эколог сағаты» іс-шарасында мамандар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, «Oxygenator» ЖШС рұқсатсыз мұнай қалдықтарын кәдеге жаратқаны үшін 37 миллиард теңге көлемінде айыппұлға тартылған. «Каспий Нефть» АҚ-қа экологиялық заңбұзушылықтар үшін 13 миллиард теңгеден астам талап қойылған.