Талғар ауданында Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот ісі барысында кей адамдар ел ішінде тараған "Хуторлық Хасан" есімді адам мен оның айналасындағы топ туралы айтқан болатын.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 16 жасында кісі қолынан ажал құшқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі әлі жалғасып жатыр.