Қазақстанда пайдалану мерзімі аяқталған лифтілер саны 7 мыңға жуықтады. Тозған жабдықтар, техникалық қызмет көрсету сапасы мен бақылаудың жеткіліксіздігі тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық туғызады. Оның үстіне жаңа орнатылған лифтілердің де істен шығу жағдайлары кездеседі. Еліміздегі лифт шаруашылығының жай-күйі, қауіпсіздік талаптары және саладағы жауапкершілік мәселелеріне Bairaqmedia.kz тілшісі назар аударды.