Қазақстандық ірі компаниялар 17 млрд теңгеге қосымша салық төледі, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласында (ірі құрылыс компанияларын қоса алғанда), 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын компанияларға салық салынатын кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарламалар жіберілген.
12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтырып жатыр. Қазір 17 млрд теңге төленді, оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да өз төлемдерін іске асырды, – делінген хабарламада.
Деректерді салыстыру жұмыстары жалғасып жатыр.