Ақтау Түрікменстанның Анау қаласынан эстафета қабылдады. Бұл туралы Ашхабадта өткен ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 41-ші отырысында мәлім болды.
Түрік Мемлекеттері Ұйымы үшін арнайы әзірленген естелік монетаны Бішкекте өткен ТМТ 11-ші саммиті барысында президент Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшыларына сыйға тартты.