$ 489.33
 566.3
 6.74

Шерзаттың қазасы: қандай баптармен қылмыстық іс қозғалды?

Редактор
28.10.2024, 16:34
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов депутаттық сауалға берген жауабында айтқан. 

Тарқатып айтқанда, 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық),115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу), 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау).

Тергеу барысы жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қазір қасақана кісі өлтіруге қатысты 8 және қылмысты хабарламаған 3 күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, оқиға болған жерде басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, – деп жауап берді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау