Айыптау актісіне сәйкес Шерзат Полаттың жүрек тұсына пышақ сұғып алған Абзал Шынасыл кінәсін мойындамайды. Бұл туралы басты сот талқылауы кезінде оның адвокаты мәлімдеді деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Іс бойынша негізгі айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл бұрын сотталмағанын айтты. Ол сотқа қатысуға "жартылай дайынмын" деп отыр. Ал, Шынасылдың адвокаты істі толық зерттеп үлгермегенін айтты. Адвокаттың сөзінше, басты күдікті кінәсін мойындамайды екен.
Тағы 2 айыпталушы сотта жауап беруге дайын еместігін жеткізді.
Айта кетерлігі, айыпталушылардың кейбірі сот алдында алғаш рет отырған жоқ. Олардың қатарында бұған дейін шартты түрде жаза арқалағандар мен 7 жылға бас бостандығынан айырылған жігіт те бар болып шықты.