Қазақстанда 5 500-ден астам бала мемлекет есебінен саяқаттап үлгерді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Елімізде отбасылық ішкі туризмді дамытуға бағытталған Kids Go Free бағдарламасы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аталған бағдарлама арқылы 2 мен 17 жас аралығындағы балалар ата-анасымен немесе жақын туыстарымен бірге ел ішінде саяхаттаған жағдайда, олардың билет шығындарын мемлекет өтеп береді. Бағдарламаға қатысудың басты шарты – турды лицензиясы бар туроператордан сатып алу.
Бағдарлама іске қосылғалы бері 5 500-ден астам бала еліміздің түрлі өңірлеріне тегін саяхаттады. Отандық туроператорлар жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден асатын турлар сатқан.
Елімізде отбасылық саяхат үшін ең танымал бағыттар — Алакөл, Маңғыстау, Каспий жағалауы, Алматы және Алматы тау кластері, Түркістан, Астана мен Щучье-Бурабай курорттық өңірі.
Әр өңірде балалар мен ата-аналарға арналған түрлі нысандар мен демалыс орындары бар:
Мұндай бағыттар отбасылық демалысты мазмұнды етуге, табиғат аясындағы демалыс пен танымдық туризмді тиімді қамтуға мүмкіндік береді.
Ішкі нарықта жұмыс істейтін және тиісті лицензиясы бар туроператорлар бағдарламаға ерікті түрде қатыса алады.