$ 474.63
 544.5
 5.92

Тоқаев министрге Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығын жетілдіруді тапсырды

Редактор
15.06.2026, 17:16
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жыл басынан бері атқарған қызметінің қорытындысы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары жөніндегі баяндаманы тыңдады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
 

Дәурен Қосанов:

➤Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар, ведомствоның автоматтандырылған басқару жүйелері мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту туралы мәлімет берді.

➤ әскери басқару органдары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге және әскерлердің жауынгерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына әзірлік барысын баяндады.

➤Голан жоталарындағы екінші ұлттық контингент миссиясының сәтті аяқталғанын және үшінші контингенттің ротациясы басталғанын, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесіне халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға берілгенін жеткізді.

➤ Әскерге шақыру науқаны, әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде есеп берілді.


Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, атап айтқанда, 21-27 маусым аралығында Бурабайда «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге,армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.