«Жайлы мектептерді майлы мектептерге айналдырған кімдер?»: Депутат Ұлттық қордың қаржысы 4-5 есе шығын болып отырғанын айтты

Редактор
05.03.2025, 20:15
«Жайлы мектептерді майлы мектептерге айналдырған кімдер?»: Депутат Ұлттық қордың қаржысы 4-5 есе шығын болып отырғанын айтты
Аталмыш жобадан бюджет қаржысын тиіміз пайдалану 311,9 млрд теңгеге жеткен

«Жайлы мектеп» жобасына бөлінген Ұлттық қордың қаржысы 4-5 есе шығын болып отыр. Бұл туралы «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Иса премьер-Министр Олжас Бектеновке, Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Депутат ұсынған ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысының бастамасымен салынып жатқан жаңа форматтағы 217 Жайлы мектеп биыл бітуге тиіс. Оларды салуға Ұлттық қордан 1 трлн 493 млрд теңге бөлінген.

Ал, Жоғары аудиторлық палатаның тексеруі бойынша тек бір жылдың өзінде осы жобадан бюджет қаржысын тиіміз пайдалану 311,9 млрд теңгеге жеткен.

Осы жобаны іске асыруда мектеп құнын асыра көрсетуден социалистік жарыс өткен сияқты, өйткені мектертердің құы 9,5 млрд теңгеден асып кеткен, – деді Қазбек Иса.

Сондай-ақ ол Шымкентте жоғары деңгейде озық жабдықталған 1338 оқушыға арналған жекеменшік мектепті салуға 1 млрд 710 млн теңге кеткенін атап өтті.

Ал, көлемі аталған мектептен 138 орынға аз болса да, 1200 орындық жайлы мектеп 6 млрд 413 млн 748 мың теңгеге салынған. Ал, бұдан екі есе аз 600 орындық жайлы мектеп 4 млрд 600 млн 327 мыңға салынған. Ал, 2 мың орындық мектептердің құны 9 млрд теңгеден асып кеткен. Сапалары бірдей болса да, жекеменшік мектептен жайлы мектептің құны 4-5 есе көп. Бұл үкілеп отырған Ұлттық қордың қаржысы 4-5 есе шығын болды деген сөз. Сонда бір мектептің орнына 5-6 мектеп салуға болатын қаржыны қайда кетті? Бұл есепсіз миллиардтардың сұрауы кімде? Жайлы мектептерді «майлы мектептерге» айналдырып отырған кімдер? Бізде 1 мектептің орнына 4-5 мектеп салуға немесе 1,5 трлн теңгеге 217 емес, 1000 мектеп салуға кімдер кедергі болып отыр? Мемлекеттік сараптама бір мектептің құнын осыншама асыра көрсетуді қалай өткізген? – деді депутат. 

Бұл ретте депуттар аталған жобаға байланысты өз ұсыныстарын жолдады: 

  • біріншіден, мемлекет қаржысын тиімді игеру үшін мектеп құрылыстары күмәні көп тендер өткізу тәсілімен емес, жеке инвестициялық ауқымды жобаларды қолдау арқылы салынуы керек. Сонда өңірлерде жекеменшік мектептердің саны көбеймек;
  • екіншіден, мектеп салу үшін мемлекет жеке кәсіпкерлерге жер учаскелерін беріп, сенімді қарым-қатынас орнатылу керек;
  • үшіншіден, «Жайлы мектеп» жобасында ғимараттардың құны асырып көрсетілгендіктен, тексеру жүргізу тиіс.