Қаржы министрлігі әлеуметтік желіде түрлі себеппен «қайырымдылық мақсатында» деген желеумен ақша жинауға төселіп алған блогерлердің ізіне түспек, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz KTK арнасына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, мұқтаж жанға шын жаны ашып көмек бергісі келетін кез келген қазақстандық енді тек қор ретінде тіркелген жағдайда ғана Қаржылық мониторинг агенттігінің назарына ілікпейді. Ал, елдегі түрлі оқиғаларды сылтауратып, керек кезде ғана көзге түсетіндермен әңгіме басқаша болады.
Алдымен Кірістер комитеті екінші деңгейлі банктердің қаржы операциясы жайындағы есебіне назар аударады. Бұл ретте жеке тұлғаның есепшотына 3 ай бойы қатарынан әртүрлі адамдардан 100 аударымнан артық ақша түскен жағдайда, шот иесі тексеріледі. Бірінші рет ескерту берілсе, кейін уәжі дәлелденбегендердің үстінен қылмыстық іс қозғалады.
Егер жеке тұлға болса, онда оған бірнеше төлем түсетін болса, тек қана кәсіпкерлік жағынан емес қой, бұдан басқа тексеру шарасы көзделген. Мысалы, бұл қаражат терроризмге бағыттала ма, Қаржы мониторингі агенттігі бар, барлық екінші деңгейлі банкпен тікелей жұмыс істеп, мағлұматты шұғыл түрде түрде алады да, тексереді. Сондықтан да қылмыстық іс қозғаған осы орган мониторг жүргізеді, – деп түсіндірді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.