Әлемде су ресурстарын бөлісу мәселесі мемлекетаралық қатынастардағы маңызды факторлардың біріне айналып келеді. Климаттың өзгеруі, халық санының өсуі және трансшекаралық өзендерге тәуелділік су қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдерді күшейтіп отыр. Үндістан мен Пәкістан арасындағы Инд өзені туралы дау, Орталық Азиядағы су тапшылығы және халықаралық су келісімдерінің жеткіліксіздігі бұл мәселенің ауқымын көрсетеді. Bairaqmedia.kz шетелдік басылымдар мен халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, су ресурстары төңірегіндегі қайшылықтардың себептері мен Қазақстанға ықтимал әсерін саралады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған халықаралық қауіпсіздік институты. Мақсаты – соғыстың алдын алу және дауларды бейбіт шешу. Бүгінде геосаяси бәсеке күшейіп, қақтығыстар көбейді. Халықаралық құқыққа деген сенім де әлсіреді. Сондықтан БҰҰ-ны реформалау қажеттігі артып отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйым мінберіндегі бейбітшілік бастамалары да жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық тәртіпті нығайтуға бағытталған.