Астана қаласының халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзербайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев әлі күнге дейін сусыз отырған ауылдардың барын және олар суды арбамен тасып жүргеніне тоқталып, тиісті ведомстваға сауал жолдады.