Отанға деген сүйіспеншілік үлкен істерден ғана емес, бала күнгі арманнан, отбасындағы тәрбиеден, туған жерге деген құрметтен басталады. Өскемендік Данияр Оралғазы үшін патриотизм мектеп қабырғасындағы әскери-патриоттық клубтан басталып, бүгінде ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған саналы таңдауға ұласты. Кезінде «Жас Бүркіт» клубының тәрбиеленушісі болған ол қазір Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының үшінші курсында білім алып, болашақ офицер ретінде қалыптасып келеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz