Елімізде 762 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді. Олардың білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға және қоғамдық өмірге қатысуға өзгелермен бірдей құқығы бар. Алайда заңмен кепілдендірілген құқықтардың күнделікті өмірде жүзеге асуы әлі де өзекті мәселе. Бір ғана Астанада төрт ай ішінде жүргізілген тексерулерден 47 заңбұзушылық анықталған. Бұл көрсеткіштер инклюзивті қоғам құруда шешімін күткен мәселелер бар екенін аңғартады. Ендеше, кедергі адамның денсаулық жағдайында ма, әлде қоғам қалыптастырған ортада ма?