Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда акваөсіру субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері туралы заң жобаларын мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысы бекітілді.
Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында құны 74 млн теңгеден асатын актив иеленген азаматтар неге декларация тапсыруға міндеттелетінін түсіндірді.
Мәжілісте вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған жұмыс тобы еңбек етіп, тер төккен шаруалардың түйткілін ортаға салды. Сөз етілген субсидияны қысқарту мен несиенің жаңа түрі қандай?