Заңсыз шығарылған активтер: мемлекетке 65 млрд теңге қайтарылды

Редактор
05.03.2025, 21:16
Заңсыз шығарылған активтер: мемлекетке 65 млрд теңге қайтарылды
Олардың қатарында қатарында «Алматы спецтехпаркинг сервис», «Аlan parking», «Алматы қала жарық», «ТЭК Қазақстан» сияқты объектілер бар

65 млрд теңгеден астам активтер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

 «Агенттік сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмысқа белсенді қатысады. Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау және ірі монополиялардың қызметін бақылау нәтижесінде 65 млрд теңгеден астам сомаға активтерді мемлекет меншігіне қайтаруға мүмкіндік туды», – деді алқа отырысында Марат Омаров.

Осы активтердің қатарында «ПХСНГ», «Еуротранзит», «Алматы спецтехпаркинг сервис», «Аlan parking», «Алматы қала жарық», «ТЭК Қазақстан» сияқты объектілер бар.

Агенттік төрағасы бұл нысандар бұдан былай жекелеген топтардың мүддесі үшін емес, мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істейтін маңызды объектілер екенін атап өтті.