«Заман ағымынан кеш қаламыз». Тоқаев инвестиция саласындағы жұмысты күшейтуді тапсырды

Редактор
28 янв. 2025 г., 18:03
«Заман ағымынан кеш қаламыз». Тоқаев инвестиция саласындағы жұмысты күшейтуді тапсырды

Үкімет инвестиция саласындағы жұмысты күшейту қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Президенттің айтуынша, былтырғы 9 айда елімізге 12,7 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылған. Бұл 2023 жылдың дәл сондай кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға кем.

Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тікелей шетел инвестициясын тарту қарқыны төмендеген. Ал жеке инвестицияның азаюы бюджет есебінен өтеліп жатыр. Бірақ мұндай шарамен ұзаққа бара алмаймыз.Қазір бюджет тапшылығы бар екенін білесіздер. Сондықтан сапалы инвестиция әкелетін жауапкершілігі жоғары инвесторларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесін қарастырған жөн, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент Үкімет инвесторды іздеуге, қолдауға және қорғауға қатысты жұмыстың бәрін жүйелі жүргізетін біртұтас экожүйе құруды тапсырды. 

Бұл жұмыс барлық деңгейде, яғни аймақта, орталықта және шетелде бірдей атқарылуы керек. Осы орайда шетелдік және отандық инвесторларға қатысты ұстаным бірдей болуы қажет. Мемлекеттің қолдауына ие болған компанияларға тиісті талап қойылуы керек. Олар жұмыс орындарын сақтауға, өндірісті жаңғыртуға тиіс. Сонымен бірге экология талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.