Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы шілде айындағы фейктерге шолу жасады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы шілде айында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кеңінен тараған жалған ақпараттарға қатысты кезекті шолуын жариялады.
Шолуда көп талқыланған және қоғам назарын аударған жарияланымдар бойынша мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелері қамтылған. Материалда тараған фейктерге қатысты нақты деректер келтіріліп, олардың шынайы жағдайы түсіндірілген.
Сонымен қатар, орталық мамандары жалған ақпараттарды тарату кезінде қолданылған ақпараттық манипуляция тәсілдеріне талдау жасаған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай әдістер қоғамда маңызды оқиғалар туралы қате түсінік қалыптастыру үшін жиі пайдаланылады.
Жарияланған шолу азаматтарға ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, күмәнді мәліметтерді тексеруге және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге көмектесуге бағытталған.