Волейбол: «Жетісу» қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Редактор
22 нояб. 2024 г., 21:45
Волейбол: «Жетісу» қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХХХІІІ Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Жетісу» клубы (Талдықорған) қатарынан үшінші рет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Марат Адрышевтің шәкірттері бүгін «Ақтөбемен» сынға түсті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сенбі күні «Таразбен» суперкубок ойыны өтетіндіктен шығар, «Ақтөбенің» бас бапкері Сергей Трикоз бүгінгі кездесуге екінші құрамды шығарды.

Осыған дейін «Ақтөбе» мен «Жетісу» 5 ұпаймен екінші-үшінші орында тұрған еді.

Талдықорғандықтар 3:0 (25:19, 25:21, 25:22) есебімен басым түсіп, 8 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Дегенмен бүгін "Тараз» «Есілді» ұтса, қайтадан көш бастайды.