Ұшақ бортында жанжал шығарған екі әйелге 120 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін

Редактор
18 февр. 2025 г., 20:22
Ұшақ бортында жанжал шығарған екі әйелге 120 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін

Анталиядан Астанаға бағыт алған Pegasus Airlines рейсінде украина мен Қазақстан азаматтары арасында кикілжің болып, ұшақ Эрзурумға шұғыл қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Кейбір БАҚ құралдарының мәліметінше, саяси даудан басталған. "Украинадан келген жұп пен ресейді жақтаушы екі қазақстандық Pegasus Airlines рейсінің Анталья - Астана бортында төбелесті. Ұшақ Эрзурумға мәжбүрлі түрде қонды. Төртеуі де ауруханаға жеткізілді. Кейін полицияға тапсырылды", - делінген Clash Report басылымы таратқан ақпаратта.

Оқиға 14 ақпанда болған.  Даудың арты тез арада төбелеске ұласып, ұшқыштар шұғыл қону туралы шешім қабылдауға мәжбүр болған.

Оқиғадан кейін Pegasus Airlines компаниясы жанжал шығарғандарға зиянды өтеу туралы талап қойған. Себебі, ұшақты мәжбүрлеп қондыру және жанармай құю құны 120 мың АҚШ доллар тұрады.