Үш адам қаза тапты: Қостанай облысындағы жол апатына қатысты іс сотқа жолданды

Редактор
20.03.2025, 19:00
Үш адам қаза тапты: Қостанай облысындағы жол апатына қатысты іс сотқа жолданды
Кінәлі жүргізуші 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қостанай обылсындағы жол апатына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Тергеу барысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда Түркістан облысының 33 жастағы тұрғыны «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының 148-шақырымында VOLVO автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы жолаққа шығыпкеткен, салдарынан Toyota Alphard көлігімен соқтығысқаны анықталды.

Апат салдарынан Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі және оның екі жолаушысы қаза тапты, тағы біреуі түрлі дене жарақаттарын алды.

Кінәлі жүргізушінің іс-әрекеті ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі («Абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге және үш адамның өліміне әкеп соққан автомобиль басқарушы адамның жол жүрісі қағидаларын бұзуы») бойынша сараланған. Баптың санкциясы жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.