Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2023 жылдың қарашасында кәсіпкерлік қызметтің атын жамылған алаяқ жәбірленушіге тендерге қатысса, жақсы пайда табатынын уәде етіп, 76 млн теңгеден астам қаражат пен Lexus 570 автокөлігін иемденіп алған.
Маңғыстау облысының «Бейнеу» теміржол станциясында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Ол ұрлық жасағаны үшін полициямен іздеуде жүрген. Өткен жылы ер адам Атырауда топпен бірге базар қоймасынан 19 млн теңгеге тауар ұрлап кеткен.
Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген адам ұсталды. Ол басқа біреудің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды деп күдікке ілінген. Күдікті Шымкенттегі ломбардтардың бірінің филиалының директоры бола тұра, өз сыбайластарымен бірге ЖШС-ға тиесілі 1 млрд теңге қаражатты иемденіп, талан-таражға салған.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.