$ 489.33
 566.3
 6.74

ҰҚК еліміздің төрт қаласында операция жүргізіп, алты адамды ұстады

Редактор
24.11.2025, 20:14
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Биыл қарашада Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысы ұсталған, деп...

Биыл қарашада Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысы ұсталған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

"Тергеу болжамына сәйкес, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан", - делінген хабарламада.

ҰҚК-нің мәліметінше, тінту барысында күдіктілерден атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиет тәркіленген. Сот санкциясымен олар қамауға алынған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Сонымен қатар 3 қарашада осындай қылмысы үшін – терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Үкім заңды күшіне енген.

Ведомство келтірген деректерге сүйенсек, жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау