$ 457.21
 534.62
 6.08

ҰҚК екі халықаралық есірткі арнасын жойды

Редактор
19.05.2025, 15:40
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
4 адам қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.

Заңсыз айналымнан 20 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.