2025 жылдың ақпанында ҰҚК Жамбыл облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, сот санкциясымен Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынған. Одан 13 келі психотроптық «мефедрон» заты тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.