«Ұлыбританиядан келген компания» қазақстандықтардың қалтасын қаққан

Редактор
26.05.2025, 21:13
«Ұлыбританиядан келген компания» қазақстандықтардың қалтасын қаққан
Жалпы келтірілген шығын 52 млн теңгеден асып отыр

Қарағанды облысында «Sincere Systems Group» атты қаржы пирамидасының ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ұйымдастырушылар өздерін Ұлыбританиядан келген заңды компания өкілі ретінде таныстырып, халыққа түрлі «инвестициялық жоба» ұсынып келген. Соның ішінде:
– медициналық каннабис өсіру,
–  жаһандық сатылым жүйелеріне қатысу,
– SWP және SWCT деген жалған токендер арқылы «пайда табу» сынды уәделер бар.

Сенім ұялату үшін арнайы сайт ашып, әр клиентке жеке кабинет жасап берген. Адамдар өз шоттарына фиаттық ақшамен ақша салып, токендерге айырбастаған.

Тергеу нәтижесі көрсеткендей, түскен қаражат ұйымдастырушылардың жеке мақсаттарына жұмсалған.

Жалпы келтірілген шығын 52 млн теңгеден асып отыр.

Қазір күдіктілердің 76 млн теңгеге жуық мүлкіне:
– Теміртаудағы жер телімі мен кемпингке,
– Астанадағы пәтер мен автотұраққа тыйым салынды.

Күдіктілердің бірі – үйқамақта, екіншісі – елден шықпау туралы қолхатпен босатылған. Іс сотқа жолданды.