ҚазАқпарат-тың жазуынша Инфляция динамикасы Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді.
"Жалпы инфляцияның төмендеуі – ұстамды қатаң ақша-кредит саясатына және Үкіметтің инфляцияға қарсы шараларына байланысты. Осы орайда Ұлттық банк биыл жыл басынан бері базалық мөлшерлемені төрт рет төмендетті. Осылайша базалық мөлшерлеме 15,75%-тен 14,25%-ке дейін төмендеді", - деді Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында.
Сонымен қатар Тимур Сүлейменов инфляцияға қатысты болжам жасағанда тәуекелдер қатар жүретінін айтып отыр.
"Біздің болжам бойынша 2025 жылы инфляция 5,5-7,5% дәлізінде қалыптасады. 2026 жылы таргетке жақындап, 5%-тен 7%-ке дейінгі аралықта болады деп болжам отырмыз", - дейді ол.