Кривой Рогтағы үйге ресейлік зымыран соққысының салдары: үш баланың денесі табылды. Бір күн бұрын ресейлік баллистикалық зымыран атқылаған Кривой Рогтағы бес қабатты ғимараттың қирандыларынан үш баланың денесі табылды, деп хабарлады Днепропетровск облыстық әскери басқармасының басшысы Сергей Лысак.
11 қараша күні кешке құтқарушылар үйінді астынан анасының денесін алып шықты.
Ресейдің тұрғын үйге жасаған соққыдан зардап шеккендердің саны төрт адамға жетті, 14 адам жарақат алды.