Украина Каспий теңізінде Иранның сауда кемесіне шабуыл жасағаны хабарланды, деп жазды Вairaqmedia.kz.
Соның салдарынан экипаждың бір мүшесі қаза тауып, тағы екі адам жараланған.
newskiev.ru жазуынша, Тегеран бұл шабуылды қатаң айыптап, оны азаматтық кемеге жасалған соққы ретінде бағалады. Иран Сыртқы істер министрлігі елдің жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде сақтайтынын мәлімдеді.
Украиналық әскери күштердің Иранның сауда кемесіне жасаған шабуылынан кейін Украинаның Тегерандағы уақытша сенімді өкілі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Ол министрдің көмекшісі әрі Еуразия департаментінің бас директоры Манучехр Морадимен кездесті. ParsToday агенттігінің мәліметінше, дипломатқа осы «дұшпандық әрі қылмыстық әрекетке байланысты қатаң наразылық» білдірілген.
Иран Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ Ислам Республикасы өзінің қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін батыл қорғайтынын және өз азаматтарының өмірі мен мүлкіне жасалған кез келген қол сұғушылықты жауапсыз қалдырмайтынын атап өтті.