«Үкімет түрлі ұйымдардың қас-қабағына қарауды қою керек»: Депутат ЛГБТ насихатына заңмен тосқауыл қоюды талап етті

Редактор
02.04.2025, 23:04
«Үкімет түрлі ұйымдардың қас-қабағына қарауды қою керек»: Депутат ЛГБТ насихатына заңмен тосқауыл қоюды талап етті
Мәжілісмен премьер-министрдің орынбасарына сауал жолдады

Әлеуметтік желілерде ұлттық құндылықтарға қайшы келетін құбылыстар мен ЛГБТ-ны насихаттайтын ұйымдардың белсенді әрекеттері алаңдаушылық тудырып отыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов осы мәселеге қатысты премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, батыстық қорлар мен ұйымдар тарапынан қаржыландырылатын бұл ұйымдардың қызметіне заң жүзінде шектеу қою қажет. Депутат ЛГБТ насихатына тыйым салу бастамасы Үкімет тарапынан қолдау таппай келе жатқанын атап өтіп, еліміздің ішкі ісіне сыртқы күштердің араласуына батыл тосқауыл қоюды талап етті.