Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру мерзімдері өзгертілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеу 23 және 24 мамырда өтуге тиіс болған. 23 мамырға тіркелген талапкерлер ЕНТ-ны 25 мамырда тапсырады. Ал 24 мамырға өтініш бергендер үшін тестілеу 1 маусымда өтеді.
Жаңа күндер app.testcenter.kz сайтындағы талапкерлердің жеке кабинетінде көрсетіледі. Қосымша SMS-хабарлама да жолданады.
Айта кетсек, биыл 25 мамыр жексенбіге сәйкес келгендіктен, соңғы қоңырауға арналған салтанатты іс-шаралар мектеп әкімшілігінің шешімімен бір-екі күн бұрын өткізіледі.