Түркістан облысының тұрғыны 6-сынып оқушысына азғындық әрекеттер жасаған

Редактор
24.04.2025, 16:24
Түркістан облысының тұрғыны 6-сынып оқушысына азғындық әрекеттер жасаған
Ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Медеу ауданының прокуратурасы Алматы қаласының 12 жасар оқушысына азғындық әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Тергеу барысында ер адам Астанада болған кезінде Telegram арқылы Алматы гимназияларының бірінде 6-сыныпта оқитын қызбен танысқаны анықталды.

Қызбен бейнебайланыс арқылы зорлық-зомбылықты қолданусыз, ол жыныстық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттер жасаған. Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты, – делінген прокуратура хабарламасында.

Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.