Түркиядағы қазақстандықтарға ескерту жасалды

Редактор
23.03.2025, 18:59
Түркиядағы қазақстандықтарға ескерту жасалды
Әлеуметтік желілерде демонстрациялар туралы ақпаратты таратпауға кеңес беріледі

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігі осы елдегі қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз,  – делінген хабарламада.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға кеңе берілді.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:
1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496
2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789