Түркия полициясы іздеп жүрген шетелдік Алматыда ұсталды

Редактор
30.04.2025, 17:12
Түркия полициясы іздеп жүрген шетелдік Алматыда ұсталды
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

️ Түркияның құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады.

Ақпаратқа сәйкес, күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамаға алынды.