Түрік Мемлекеттері Ұйымының естелік монетасы басылды

Редактор
18 нояб. 2024 г., 16:00
Түрік Мемлекеттері Ұйымының естелік монетасы басылды

Түрік Мемлекеттері Ұйымы (TМТ) үшін арнайы әзірленген естелік монета мүше елдер арасындағы терең тамырлы байланыстар мен ынтымақтастықты бейнелеу мақсатында дайындалды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Түркиялық басылымның мәліметінше, естелік монетаны Бішкекте өткен ТМТ 11-ші саммиті барысында президент Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшыларына сыйға тартты.

Монетаның бет жағында ТМТ логотипі және оның айналасында сегіз бұрышты Селжук жұлдызы бар, ал оның бұрыштары ТМТ құндылықтарын білдіреді.

Ал артқы жағында ұйымға мүше елдердің тулары мен «Тілде, пікірде, істе бірлік» деген сөз тіркесі жазылған. Естелік монета қола металдан басылып, 900 лирадан сатылымға шығарылды. Монетадан 5 мың дана басылған.