Төрт өңірді байланыстыратын «Жезқазған – Петропавл» тасжолы жаңартылады

Редактор
27 февр. 2025 г., 19:00
Төрт өңірді байланыстыратын «Жезқазған – Петропавл» тасжолы жаңартылады
Автожолдың жалпы ұзындығы – 940 шақырым.

Еліміздің төрт өңірін байланыстыратын «Жезқазған – Петропавл» тасжолы толық жаңартыладыдеп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Көлік министрлігінің ақпаратына сәйкес, облысаралық және ауданаралық жолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Аталмыш жолда орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 590 шақырым жол қамтылды. Биыл тағы 113 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Автожолдың жалпы ұзындығы – 940 шақырым. Оның 125 шақырымы Қостанай облысының аумағымен өтеді.

Айта кетсек, «Жезқазған – Петропавл» тасжолы – Арқалықты облыс орталығы Қостанаймен, сондай-ақ Астана және Жезқазған қалаларымен байланыстыратын негізгі көлік артериясы.