Тоқаев ҰҚК басшылығымен жиында нені талқылады?

Редактор
05.06.2025, 18:59
Тоқаев ҰҚК басшылығымен жиында нені талқылады?
Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында резидент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.