Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақырды

Редактор
20.03.2025, 14:47
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақырды
Жиынның өтетін орны белгіленді

 Президент өкімімен ҚХА кезекті сессиясы шақырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясын шақырды.

Cессия 2025 жылғы 23-24 сәуірде Астана қаласында өтеді.

Айта кетсек, Ассамблеяның жоғарғы органы жыл сайын мемлекет басшысы - ҚХА төрағасының төрағалығымен өтетін сессия болып табылады. Оның барлық шешімдері мемлекеттік органдары үшін міндетті.

Сессиялар арасында Ассамблея Кеңесі жұмыс істейді, оған республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері кіреді.