Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанның 2008 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында түскен фотосы жарияланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Суретті Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында жариялады.
«2008 жыл, Нью-Йорк, АҚШ», - деп жазды ол.
2008 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланған болатын.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барды. Қазақстан президентін Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды. Тоқаев әлемге танымал компанияның басшысын қабылдады.
Сонымен қатар Ердоған Тоқаевты Түркияның ең жоғары мемлекеттік орденімен марапаттады.