Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Редактор
17.03.2025, 14:37
Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады
Ол үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
Айта кетсек, Назым Қызайбай (48 келі) – тәжірибелі боксшы бұл жеңісімен Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары әлем біріншілігінде топ жарған.