Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

Редактор
11.04.2025, 17:16
Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды
Мемлекет басшысы қала әуежайының жаңа терминалымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ақорда ақпаратына сәйкес, президент жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму тынысымен танысады.

Мемлекет басшысы алдымен Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты. 

Мемлекет басшысының қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуе айлағының құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге қаражат жұмсаған.🟦

Президентке Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды.

Содан кейін президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды.

Аумағы 24 мың шаршы метр болатын көпфункционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған. Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген.