$ 457.21
 534.62
 6.08

Тоқаев Иордания королін құттықтады

Редактор
25.05.2025, 18:03
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы ынтымақтас елдің халқына бақ-береке тіледі

Президент Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Иордания арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жыл өткен сайын нығайып келе жатқанына тоқталып, Королдің екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Иордания халқына бақ-береке тіледі.