Тоқаев ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Редактор
10.04.2025, 16:55
Тоқаев ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, 4 ғалым «Парасат», 15 адам «Құрмет» орденіне ие болды.

Бұдан бөлек, 6 маманға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілсе, тағы 2 ғалымға «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы табыс етілді.

Мемлекеттік марапатқа ие болған ғалымдардың тізімімен сілтеме арқылы танысуға болады.