Тоқаев Дариға Тілендиеваның жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, – делінген Ақорда хабарламасында.
Еске сала кетсек, кеше күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары – Дариға Тілендиева қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 79 жасында көз жұмды.